Қасым-Жомарт Тоқаев қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыру қажеттігін айтты

360

Бүгін Мемлекет басшысы Елорданы одан әрі дамыту жөнінде жиын өткізіп, еліміздің бас қаласына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz

Атап айтар болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қолма қол ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыру қажеттігін айтты. Қазір Елордада ол небәрі 9 пайызды құрайды.

Аталған проблема қала тұрғындары мен қонақтарына жайсыз жағдай туғызып қана қоймай, «көлеңкелі экономиканың» өрістеуіне әкеп соғады. Қаржы министрлігі қала әкімдігімен бірлесіп қаладағы сауда нүктелері мен қызмет көрсету салаларындағы бақылау-кассалық аппараттарды, карталық терминалдардың болуын қатаң бақылауға алуы қажет,– деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, азық-түлік бағасының қымбаттауы да назардан тыс қалмады. Президент бағаның қымбаттығы – инфрақұрылым мен азық-түлік белдеуінің нашарлығы, сауда орындарының жетіспеушілігінің айғағы екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдіктеріне тауар өндірушілермен және сауда желілерімен тікелей байланыс орнатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы өз сөзінің басым бөлігін қала тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға арнады. Оның ойынша, ішкі миграциялық процестерге бақылаудың болмауынан жыл сайын қала халқының саны артып, ол өз кезегінде әлеуметтік инфрақұрылымға, соның ішінде медицина мен білім саласына салмақ түсіретінін айтты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *