Ғалымдар видеоойындардың балаларда агрессия туғызбайтынын растады

281

Мельбурндағы Корольдық технологиялық университеттің психологтар тобы жаңа зерттеуді жария етті. Зерттеу аясында адамдардағы зорлық-зомбылық мен ызақорлықтың тұтануына видеоойындар емес, жарысқа негізделген жоба іспетті ойындар туғызатыны айтылды.  Психологтардың айтуынша, видеоойындар шыққаннан кейін олардың адам мінез-құлқына әсері кеңінен зерттеліп, ойындардағы жарысу элементіне мән берілмей келген болатын. Кейін анық болғанындай, адамдардағы ашуға булығу мен ызақорлықтың пайда болуына нақ осы ойындардағы жарыстық тәртіп себеп болады екен. Зерттеуге сәйкес, жарыстық тәртіп ойыншыларда агрессия тудырып, ал ойындағы жеңіліс, оны өршіте түседі. Ойындардағы зұлымдық зерттеуге қатысқан ойыншыларға ешқандай кері әсерін тигізбеген.

 

Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *