Фараби-1150: Ол әлем өркениетінің рухани игілігі – Көшербаев

617

Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы Шығыс пен Батыс өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айналды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресми ашылуында айтты.

Жиын барысында ол Тұңғыш президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» аты мақаласында әйгілі ғұламаның тұлғасы мен мұрасына лайықты бағасын бергенін айтып өтті.
Әл-Фараби қазақ халқына ғана емес бүкіл әлемдік өркениеттің рухани игілігі. Ислам және әлем философиясының жарық жұлдызы. Ол әлемді тануға және бүкіл адамзаттың рухани дамуына теңдесіз үлес қосты. Сондықтан осы айтулы мерейтой биыл ЮНЕСКО-да атаулы күндер тізбесі аясында халықаралық ауқымда аталып өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асқан ЮНЕСКО-ның бұл шешімі ғаламның Аристотелден кейінгі екінші ұстазы атанған кемеңгер тұлғаның Тәуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының үлесінде болуын орнықтыра түсетін тарихи сәт,-деді мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, ол мерейтойдың басты мақсаты әл-Фараби мұрасын зерделеуде жаңа серпін беріп, әлем тарихындағы рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау екенін жеткізді.

Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы Шығыс пен Батыс өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айналды. Оның трактаттары ренесанс дәуірінде Еуропадағы ғылымның дамуына және дүниетанымының қалыптасуына тікелей әсер етті,-деді Қ. Көшербаев.

Әл-Фарабиді 1150 жылдық мерейтойының ресим ашылу салтанаты Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтіп жатыр.

baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *