Тарихты тану балабақшадан басталады

218

Алматы қаласындағы Алатау ауданының №37 бөбекжай-балабақшасында «Алтын орда- 750 жыл» атты қалалық семинар өтті.

Семинарға Алматы қалалық  мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің  басшысы Лунара Масақбаева және әдіскері Гүлназ Серікқызы қатысты. Сондай-ақ, Алматы қаласының  балабақшаларынан  педагогтар келді. Семинарды  №37 бөбекжай-балабақшасының  мектеп алды даярлық «Сұңқар» тобы «Денсаулық» білім беру саласы, Дене шынықтыру оқу қызметімен ашты.

Биыл айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдадық.

Балалар өздерін жауынгер ретінде қабылдап шайқас көрсете отырып, қылышпен шайқасып оқу қызметтің көркін аша түсті. Хас батыр ретінде  негізгі жаттығуларды жасап, денелерін шынықтырды. Негізгі қимылда  «Жекпе-жек», «Туыңды тік» ойындары ойнатылып, ғажайып сәтте сүйінші сұралып, әжей Алтын орданың төл теңгесін таратты. Оқу қызмет соңына қарай, бүлдіршіндер өнерін көрсетіп, педагогтар  шеберлік сыныпқа қатысты.

Семинарда тәрбиеленушілер  өз өнерін көрсетіп, педагогтар өздері  тіккен қуыршақтарымен музыкалық нөмір көрсетті. Алматы қаласының балабақшаларынан келген  педагогтар қатысып, бір-бірімен ой бөлісті. Қонақтар өз ойларын еркін жеткізіп шын жүректен алғыстарын білдірді.

Айнұр Алимбекова, №37 бөбекжай- балабақшасының меңгерушісі

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *