Алматы балабақшаларындағы орын тапшылығы 18 мыңды құрайды

293

Бүгінде Алматы балабақшаларындағы орын тапшылығы 18 мыңды құрайды. Бұл туралы қала әкімі Б.Сағынтаев түрғындармен өткен есептік кездесуінде мәлімдеді.

Адамдардың көпшілігі өз балаларын мемлекеттік балабақшаға беруді қалайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша негізгі төлем жабылады. Алайда қосымша білімге, бүгінде ата-аналар ақы төлеп отырған секциялар мен үйірмелерге қолжетімділікті арттыру қажет.

Осыған байланысты әкімдік қосымша білім беру бойынша шығынды өзіне алуға ұсыныс білдірді. Рұқсат берген жағдайда бұл мақсатқа 3 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде.

“Біз жекеменшік балабақшалардағы қосымша қызметтерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жасай аламыз. Бұл мемлекеттік балабақша, жекеменшік балабақша деп таңдамай-ақ, төлемнің барлық жерде бірдей болуына мүмкіндік береді”, — деді әкім.

Бұл жекеменшік балабақшаларды 100%-ға толтыруға жағдай туғызады. Қазір толық жүктелмеген және жаңаларын ашуға елеулі серпін берілді. Жаңа шешімдер, мектепке дейінгі білім беру орындарының жетіспеушілігін шешуге мүмкіндік береді.

Көпбалалы отбасыларды қолдауға жеке назар ауарылды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылардың балаларын мектеп жанындағы үйірмеледрмен тегін қамтамасыз ету үшін заңнамалық өзгерістер әзірленді. Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы қосымша секциялар мен үйірмелерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс береді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *