Коронавирус таралған елдерден келушілерге карантин

155

Қазақстанның Бас санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысы 1 наурыздан бастап күшіне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаулыға сәйкес COVID-19 жағдайлары тіркелген елдер үш санатқа бөлінеді. Жіктемеге байланысты осы елдерден ҚР-ға келген адамдарға қатысты эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін болады.

«Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз:

Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету; Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу; Қолды сабынмен жиі жуу; Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;

Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке жүгінуі, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтелу әдебін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын орамалдармен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары:

Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
Профилактика шараларын сақтау:
Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
Қолды сабынмен жиі жуу;
Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
Қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;

1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және жеткіліксіз медициналық көмек туралы хабарлау.
COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер», — делінген Қаулыда.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *