Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік маңыздылығы туралы айтты

477

Жеңіл өнеркәсіптегі стартаптардың негізгі үлесі әйелдерге тиесілі. Бұл туралы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті.

«Бүгін талқылайтын тақырыбымыз жеңіл өнеркәсіп саласына арналған. Бұл Қазақстанның өнеркәсібіндегі ең проблемалы сектор деп айтуға болады. Себебі экономикада өңдеуші саланың айрықша басымдықта болуына байланысты бұл сала көп уақыт бойы назардан тыс қалып келді. Жеңіл өнеркәсіп экономиканы түрлендіруге, әсіресе, пайдалы қазбалар қорының азайып, мұнай бағасының төмендеген кезінде дағдарыс толқынына қарсы тұру мүмкіндігінің бірі болып саналады», — деді Д. Назарбаева Сенатта еліміздегі жеңіл өнеркәсіп тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда. Осы орайда ол жеңіл өнеркәсіп әлеуметтік маңызға ие сала екенін, халықтың, яғни әйелдердің жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететінін атап өтті. «Бүгінгі таңда еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің барлық активтерінің 44 пайызын әйелдер басқарады. Олар шағын және орта бизнес секторындағы барлық жұмыс орындарының 31 пайызын қамтамасыз етеді. Жеңіл өнеркәсіптегі стартаптардың негізгі үлесі әйелдерге тиесілі. Олардың белсенділігінің арқасында сала жандана бастады», — деді Сенат Төрағасы.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *