Жандарбек Бекшин:  11-16 наурызда елімізде  коронавирус тіркелуі мүмкін

294

Бірақ бұл – бас санитардың болжамы ғана. Болмауы да мүмкін.

Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда мектептер карантинге жабылуы мүмкін. Бұл туралы  BAQ.KZ тілшісі хабарлады.

-Біздің болжамымыз бойынша елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл – болжам. Плюс-минус бір апта. Коронавирус анықталса, бірден арнайы шараларды қабылдаймыз. Бірақ ешкім сабақты дистанциялық оқуға жібермеуге тыйым сала алмайды, — деді еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин.

Спикердің айтуынша, дистанциялық оқуға көшуді Білім және ғылым министрлігі шешеді.

-Білім министрлігі тиісті ұсыныстарды әзірлеп қойды. Олар бүгін не ертең білім мекемелеріне түсуі керек. БҒМ мемлекеттік орта, колледждер және ЖОО-ларды бақылауға алады. Оларда тиісті ұсынымдар дайын… Егер мектептерде дистанциялық оқуға техникалық жабдық болса және тиісті министрлік сондай үкім шығарса, олар дистанциялық оқуға көше алады, — деді бас санитар Жандарбек Бекшин Орталық коммуникаиялар қызметіндегі коронвирусқа байланысты брифинг барысында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *