Тегін бокс кеші өтеді

89

25 наурызда Алматы қаласында “TUKESHOV BOXING FIGHT’ атты кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қазақстандық былғары қолғап шебері Еділ Қожамбердиев пен Өзбекстандық Мухуддин Раджабов WBC Asia Continental және WBA Asia тұжырымдары бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Аталмыш кешті ұйымдастыруға Қазақстанның кәсіпқой бокс комиссиясы қолдау көрсеткен.

Ал Алматылықтарға кәсіпқой бокс кешін сыйлауға себепкер болған промоутер Жалғас Түкешов екені белгілі.Жарысқа Украина, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген спортшылар да қатысады. Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша бұл кеште 12 жұп өнер көрсетеді деп күтілуде. Қазақ мемлекеттік циркінде өтетін шараны кез келген Алматы тұрғыны мен қала қонақтары тегін көре алады.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *