Той тойланбасын!

253

Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты той тойлауға тыйым салынды. Арнайы жолдамада: «Спорттық, әлеуметтік және өзге де халық көп жиналатын іс-шаралармен қатар, туған күндер мен түрлі деңгейдегі тойларды індеттің таралуына себепші болмауы үшін, халыққа аталмыш жиындарды кейінге қалдыруға кеңес береміз»- деп жазылған. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли аталмыш ақпаратты әлеуметтік желі арқылы халыққа жеткізді.  Өз кезегінде республика тұрғандары елдегі жағдайға байланысты: «Қазір той тойлайтын емес, ақылға салып, ой ойлатын кезең»- деп аталмыш ұсынысты қолдайтындықтарын жеткізуде.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *