Криштиану Роналду коронавируспен қалай күресуде?

319

Италиялық «Ювентус» футбол клубының сапында өнер көрсететін әйгілі Криштиану Роналду қазір уақытша карантинде отыр. Себебі оның командалас әріптесі Даниеле Руганиден коронавирус белгілері анықталғаннан кейін, барлық команда мүшелері арнайы тексерістен өтуге мәжбүр болды.

Португалиялық Криштиану Роналду әлем елдері коронавирустың салдарынан әбігерге түсіп жатқан кезде, өз тарапынан мемлекетіне қол ұшын беруге кірісті. Футбол жұлдызы халықты тек әлеуметтік желілер арқылы сабырға шақырып қана қоймай, Португалиядағы өзіне тиесілі қонақ үйлерді коронавируспен күреске арналған ауруханаға айналдырмақ ниетті. Орталық халыққа тегін қызмет көрсететін болады. Аталмыш мекемеде жұмыс істейтін дәрігерлер мен медбикелердің жалақылары және өзге де шығындарын Роналду өз мойнына алды.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *