5 келіден артық берілмесін!

119

«Сауда орындарында қант, күріш, қарақұмық секілді өнімдерді  бір адамға 5 келіден, күнбағыс майын 5 литрге дейін ғана сатылуын қамтамасыз етіп, шектеу керек. Сонымен қатар, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, барлық азық-түлік өнімдерінің, оның ішінде сусымалы тауарлар мен кептірілген жемістердің сатылымын қамтамасыз ету. Кезекте тұрған сатып алушылар арасында бір метр қашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету қажет», — деді Ерлан Бекмырзаев.

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Ерлан Бекмырзаев: «Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен негізгі қажеттіліктерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуі керек. Тамақтану орындары (мейрамханалар, кафелер, асханалар) жабылады. Сонымен қатар, олар онлайн тапсырыстар мен жеткізілім бойынша жұмыс жасай алады. Карантин кезінде елорданың барлық бизнес нысандарының жұмысы карантин кезінде тоқтатылуы керек.»- деп ойын нақтылап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *