«Мен сіз үшін жұмысқа шықтым. Сіз мен үшін…»

299

«Мен сіз үшін жұмысқа шықтым. Сіз мен және өзіңіз үшін қызметті үйден онлайн алыңыз!»: Алматы ХҚО қызметкерлері қала тұрғындарына өтініш білдірді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы фронт-офистерінің (ХҚО) қызметкерлері қазақстандық дәрігерлер бастаған челленджге қолдау көрсетіп, алматылықтарды коронавирус ахуалына байланысты үйде қалуға шақырды. Қолдарында: «Мен сіз үшін жұмысқа шықтым. Сіз мен және өзіңіз үшін қызметті үйден онлайн алыңыз!» («Я ради вас остался на работе. Вы ради меня получайте услуги онлайн из дома!»).
ХҚКО қызметкерлері адамдарды үйде қалуға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында халыққа қызмет көрсететін 17 фронт-офис бар. Сағат 9-00-ден 17-00- ге дейін жұмыс істеуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дәрігерлер халықты карантин кезінде үйде қалуға шақыру үшін челлендж жариялаған болатын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *