Қашықтықтан оқу жүйесі бойынша нұсқаулық береді

297

Сулейман Демирел атындағы Университеті соңғы  2 жылдан бері Webex онлайн білім беру платформасын магистратура және докторантура дәріскерлеріне қашықтықттан дәріс беруде кеңінен қолданып келеді. 

Қазіргі елдегі жаппай карантин жағдайына байланысты білім ордасы Webex платформасына бакалавриат бағдарламасындағы білімгерлерді де толықтай қосып, қашықтықтан оқыту форматын соңғы екі апта ішінде тәжірибе жүзінде сәтті пайдалануда. Осыған орай Университет отандық жоғары оқу орныдарына қашықтықтан оқыту форматы бойынша бірқтар практикалық нұсқаулықтар беруге дайын.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап,оқу-әдістемелік кешенін («учебно-методический комплекс дисциплин») оңтайландырумақсатындаСДУ Moodle платформасын студенттер мен оқытушылар арасында оқу-материалдарымен бөлісу үшін қолданып келеді.Егер бұрын оқу процесі барысында  семестр сайын 150-200 бет материал қағаз жүзінде жазылатын болса, Moodle платформасы сол жұмысты онлайн форматта ыңғайлы, кез-келген уақытта, қажетті жерде қолжетімді жүзеге асырып, әрі студенттер мен оқытушылар арасында материалды бөлісуге жол ашқан болатын.

— Елімізде қашықтықтан оқытуға көшудің қажеттілігі туындаған кезде біз оқытушылардың барлығына Moodle платформасын  қолдану бойынша трениниг өткізіп, әрі қарай әр пән оқытушысына платформаны қолдана отырып, өз саласы бойынша нақты бағыт-бағдар бердік. Сондай-ақ,  Coursera платформасы үстіміздегі жағдайға байланысты ақысыз қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда әлемдік деңгейде кез-келген ЖОО бұл платформаны тегін қолдана отырып, платформада жеке парақшасын аша алады. Ол үшін Coursera сайтына кіріп арнайы форманы толтыру қажет: Университет туралы мәлімет, қанша қолданушы бар, қанша оқытушы бар, сынды ақпарат талап етіледі. 1-2 күннің ішінде платформа қалдырған сұранымға жауап беріп, тегін кіруге мүмкіндік береді. Мысалы, қазір біздің университетке берген тегін кіруде 3600-ге жуық пән бар. Оларды оқытушылар мен студенттер ақысыз пайдалана алады. Екіншіден, ол платформаға пән немесе бағдарлама ретінде курстарды алуға болады және де студенттердің үлгерімі бойынша статистикалық-сараптамалық ақпаратты алуға болады, — деп мәлімдеді СДУ оқу ісі жөніндегі проректоры Давроножон Гаипов.

Қазірде СДУ оқытушылары 100% Moodle платформасын қолдануға мүмкіндігі бар. Одан бөлек өз таңдаулары бойынша синхронды, Webex арқылы сабақты жүргізіп, студенттермен байланыс орната алады. Егер студент саны көп болса, мысалы бір топта 100-ден көп тыңдаушы болса, онда сабақтардың көшірмесін Moodle арқылы бөлісіп, кейін жазбаша пікір алмасып, білімгерлер жеке байланыс арқылы сұрай алады.СДУ студенттердің сабаққа қатысуын қадағалаудың екі жолын қолданып отыр. Біріншісі – студенттердің сабаққа қатысуын портал арқылы белгілеу. Екіншісі – сабақтардың орындалу-орындалмауын деканаттар күнделікті, сағат сайын тексеріп отырады.  Интернет желісі төмен аймақтардағы студенттердің сабаққа қатысу-қатыспауын жеке қарастырылуда.

Факультеттер тарапынан қажеттіліктер анықталды. Кімге қандай жабдық керектігі: құлаққаптар, веб-камера, планшеттер қажет болып, барлығы университет әкімшілігі тарапынан сатып алынды және факультет оқытушыларына таратылды. Одан бөлек, университетімізде видео-сабақты таспаға жазып алатын студия бар, онда бірнеше оқытушы сабақтарын видео форматына  түсіруде.

Сабақ кестесі сол күйінде қалды, тек қана «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедраларында сабақ кестесінде студенттерге де, оқытушыларға да ыңғайлы болсын деп өзгерістер енгізілді. Үй тапсырмасының ауқымына қатысты бағдарлама координаторлары әр бағдарламаға жеке көңіл бөлуде. Жалпы онлайн білім алуда жауапкершіліктің көп бөлігі студентке түседі. Сондықтан оқытушыларға сол жауапкершілікті, білімгерлердің санасына сіңіруі қиындық тудыруы мүмкін. Қажетті материал, мақала, бағдарламамен қамтамасыз ету жауапкершілігі толығымен оқытушыға жүктелді.

Қашықтықтан білім беру форматы және онлайн платформаларды пайдалану бойынша толық ақпаратты барлық отандық жоғары оқу орындары  СДУ сайтынан сілтемесі арқылы тауып тегін пайдалана  алады. Сонымен қатар тиімді кері байланыс үшін оқу орнының арнайы call орталығы +77273079565 қызмет істейді немесе сұрақтарды info@sdu.edu.kz электронды поштасына қалдыруға олады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *