42500 теңгеге қатысты алғашқы алаяқ анықталды

296

Шымкент тұрғыны мемлекет тарапынан берілетін 42500 теңгелік бір реттік жәрдем ақыны рәсімдеуге көмектесемін деп хабар таратқан. Ол осы қызметін 1000 теңгеге бағалаған.

Polisia.kz мәліметі бойынша Шымкент қаласында WhatsApp мессенджері арқылы әлеуметтік төлемақыны алуға көмектесетін «жәрдемші» пайда болған.

Аталмыш дерек «алаяқтық» фактісіне жатады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция қызметкерлеріне ізін суытпай жеткізілді. Шымкент қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарады », — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *