Қорғаудың орнына, қырып салған…

445

Алматы облысында Ұлттық табиғи парктің мемлекеттік инспекторы заңсыз аң аулап, қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұсталды. Күдіктіні арнайы операция барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген. Полиция қызметкерлері инспектордан Қызыл кітапқа кірген қарақұйрық пен оқ-дәрілері бар тіркелмеген екі мылтықты  тәркіледі.

«Ұсталған адамға бекітілген аңшылық алқаптарында жануарлар әлемін қорғауды қамтамасыз ету, аң аулау ережелерінің бұзылуына жол бермеу тапсырылған. Бірақ оның орнына ол Ұлттық парктің аумағында, ерекше қорғалатын аймақта заңсыз аңшылықпен өзі айналысқан. Бұл туралы ақпарат алғаннан кейін, тергеушілер оның барлық заңсыз әрекеттеріне байланысты зерттеу ұйымдастырды», — деді Алматы облысы полиция департаменті тергеу бөлімінің аға тергеушісі Ернар Калтаев.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу  абақтысына қамалды. Аталмыш іске байланысты сот-биологиялық сараптама тағайындалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *