QWANT Қазақстанда бағдарламашыларды даярлауға арналған алғашқы онлайн бағдарламасын іске қосты

116

QWANT онлайн мектебінде бағдарламашыларды даярлауға арналған алғашқы білім бағдарламасы іске қосылды.

Осы іс-шараның арқасында Қазақстанның цифрлік өнімдер мен қызметтерінің нарығы клиенттік және серверлік дайындалған бағдарламалық жасақтама әзірлеушілер легіне қол жеткізеді.
Бар оқу процесі QWASAR Silicon Valley цифрлік платформасы арқылы ұйымдастырылған. Бұл Еуропа мен АҚШ программалау мектептерінің тәжірибесін қолданумен қатар үміткерлердің максималды санын қолданбалы білім көзімен қамтуға жағдай туғызады.
www.qwant.kz сайты арқылы 2500 өтініштер берілген болатын. Оның ішінен Hackerrank тәуелсіз алаңында 2394 үміткер жіберілген болса, 417 адам екі деңгейлі іріктеу кезеңінен өтіп, сәуір айының соңына дейін бағдарламаның серіктестері АҚШ- тың QWASAR Silicon Valley алаңында үш деңгейлі оқуды өтуге қол жеткізеді.
QWANT-тың оқытушылары, лекциялары, әрі бағалары жоқ. Оқу процесі шынайы өмірдегі оқу орнына барынша жақындатқан, ал бағдарлама қатысушылары өздігінен немесе топтарда шынайы кейстерді шешуге күн сайын дағдыланады. Жартыжылдық интенсив тек нарық мамандарын дайындауға емес, оғын қоса IT дарындарын дамытуға арналған. Бұл интенсив белсенді оқыту қағидаларына, жобалық оқыту, геймификация мен бағдарламалау тілдеріне тереңдеудің рольді модельдеуіне сәйкес жасалған. Әр қатысушы бұлтты интерфейс арқылы толығымен автоматтандырылған жүйе арқылы бағаланып дәріс алады.
QWANT бағдарламасының сертификаттарын алуға ынталанған үміткерлер келесі салалар бойынша дағдыларын дамытады: қолданбалы бағдарламау интерфейсі, жасанды интеллектінің практикалық бағдарламауы, веб инфрақұрылым, машинаны оқыту, мобильдік қосымшалар. Ерекше контенттен тыс QWANT мектебінде менторлык бағдарлама мен мәнсап дамыту бағдарламалары ұйымдастырылған. Сала сарапшылары бағдарлама қатысушыларына жан жақты қолдау көрсетеді, оның ішінде бағдарлама аяқталған кейін АХҚО Бюросы арқылы жұмысқа тұру мүмкіншілігі.
Келешекте QWANT ұсынылған оқу бағдарламаларының кеңейтілуі мен бастауыш бағдарламашыларға, IT және цифрландыру салаларында істейтін басқарушыларға арналған курстарды енгізуді көздеуде. Келесі қабылдауға арналған қысқа мерзімді бағдарлама мамыр айында басталуға жоспарлануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *