Алматылық дәрігерлер Қытайдан келген əріптестерімен онлайн форматта кездесті

250

Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресуде біздің дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету үшін келген ҚХР медицина мамандары Алматыдағы әріптестерімен кездесті.

Делегация құрамында ҚХР-дан келген 10 пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші мамандар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. Дәрігерлер Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы әріптестерімен өткен кездесудегідей, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді. Еліміз бойынша ең көп коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар Алматыда анықталған – 535 адам. Мегаполисте инфекция анықталған алғашқы жағдайдан бастап 85 адам сауығып шыққан. ҚХР дәрігерлері Алматы дәрігерлерінің COVID-19-ға қарсы күресте қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады және диагностика, емдеу және ұйымдастыру тұрғысынан жұмыстың қай тұсын күшейту қажет екені туралы ұсыныстарын айтты.

Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *