Түркістан облысына 60 тоннадан астам азық-түлік көмек жіберілді

316

«Халық» қайырымдылық қоры Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 60 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін бөлді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде ең қажетті деген азық-түлік тауарлары — күріш, ұн, макарон, май, шай, қант пен тәттілер бар. Гуманитарлық көмек ауданға жіберілді. Олар жергілікті әкімдіктердің тізіміне сәйкес Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілер арқылы тұрғындарға беріледі.

Бұл қайырымдылық қорының қызметі қиын жағдайдағы адамдарға көмек беруге бағытталғаны белгілі. Еске салайық, 1 мамырда Өзбекстанның Сардоба су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылып, Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толып қалды. Салдарынан еліміздегі 631 үйді су басты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *