Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Тамыз, 2020

Президент жемқорлықпен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырды.

«Жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырдым», деп жазды Президент Twittter-дегі парақшасында. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

«Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, онымен ымырасыз күрес қоғамның өзекті мәселесінің біріне айналғалы көп жылдың жүзі болды. Еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығы осы бағыттағы жүйелі әрі табанды шараларға байланысты», - деді Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте.

 

548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз