Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қазан, 2020

Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті

Биыл қыркүйекте Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.

«2020 жылғы 1 қыркүйекке еліміздегі халық саны 18 785,0 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 11066,2 мың (58,9 пайыз), ауылдықтар – 7718,8 мың адам (41,1%)», - делінген таратылған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, былтырғы жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп жалпы өсім еліміздің 3 ірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында болды.

 



463 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз