Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қазан, 2020

"Жыл волонтеры" байқауына өтінім қабылдау басталды

 

Елімізде «Жыл волонтері» халықаралық байқауына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Үміткерлер Qazvolunteer порталында тіркеле алады. Байқауға жекелеген волонтерлер және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысады. Шараның мақсаты – ел өміріне бей-жай қарамайтын, әлеуметтік-қоғамдық мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқан азаматтардың еңбегін ескеру. Өтінімдер 2020 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Сыйлықты тағайындау туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген еді.
                                   24.kz

260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз