Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Ақпан, 2021

Коммуналдық қызметтер бағасы өзгерді

Биылғы қаңтар айында тұрғын үй қызметтері, су, электр қуаты, газ тарифтері өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,8%, ал бір айда 0,6% қымбаттады, деп хабарлады finprom.kz

Оның ішінде қоқыс жинау бағасы бір жылда бірден 19,1%, тұрғын жайларды қарау және жөндеу бойынша қызметтер 6,3%, электрэнергиясы 5,2% қымбаттады. 

Керісінше, кәріз және орталықтандырылған жылыту қызметтері сәйкесінше 1% және 2% арзандады.

Еліміздің қалаларында биылғы қаңтарда қоқыс жинау қызметінің орташа тарифі бір адамға 264 теңгені құрады, бір жыл бұрын 173,3 теңге болған (жылдық өсім 1,5 есе). Ыстық су тарифі бір жыл ішінде 15,5% өсіп, 1 текше метр үшін 267,6 теңгені, ал суық су 3% қымбаттап, 70,4 теңгені құрады. 

Табиғи газ бағасы 33,5% көтеріліп, текше метріне 25 теңгені құрады, сұйытылған газ 5,3% қымбаттап, бір кг үшін 160,3 теңгеге дейін жетті. 

 

375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз