Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Наурыз, 2021

"Қазақалтын" кенішінен алтын ұрланды

"Қазақалтын" тау-кен металлургия комбинаты" АҚ-на тиесілі катодты алтынды ұрлау оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.  Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық биылғы наурыздың 3-іне қараған түні болған. Бұдан кәсіпорынға 122 миллион теңге залал келген. 

"Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", - деді ведомстводан. 

Осы ретте, атлымыш қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды", - деп толықтырды ведомстводан.


 

 

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз