Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Сәуір, 2021

Қазгидромет: Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, жел тұрады

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады, кей өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. 

Синоптиктердің болжауынша, 7 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы болады, еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста және орталықта күн райы ашық.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстрының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, күндіз Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.


 

 

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз