Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Сәуір, 2021

Алматы мешіттерінде жамағатпен намаз оқылмайды

Пандемияға байланысты Алматыда мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай айтты.

Оның айтуынша, алғашқы тарауық намазы 12 сәуір күні оқылады. Қалада эпидахуалдың күрделенуіне байланысты мешіттерде уақытша жамағатпен тарауық намазы оқылмайды.

«Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап онлайн режимде жүреді, қаладағы танымал қарилар Құран хатымды онлайн оқиды. Әлеуметтік желідегі Азан.кз парақшасы арқылы күнделікті сағат 14.00-де онлайн қатысуға болады. Рамазан айында 8 (727) 329 0966, 8 700 719 7622 байланыс телефондары арқылы Алматы Орталық мешітінің Пәтуа Call-орталығы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отырады», — деді имам.

Е. Шоқай шариғат және пәтуа бөлімі биылғы пітір садақа көлемін 420 тг етіп бекіткенін хабарлады. Бұл еліміздегі 2 кг ұнның орташа бағасына сай. Сонымен қатар пітір садақасын мейізбен берем дегендер үшін 3580 тг, құрмамен есептесе 7300 тг. Ораза ұстауға денсаулығы жарамайтын және үлкен жастағы қарт кісілерге оразасы үшін фидия құны 2500 тг деп бекітілді.

«Пітір садақасын мешіттерге келіп берумен қатар, kaspi.kz қосымшасы арқылы да беруге болады. Қала мешіттерінде Kaspi QR қойылды», — деді имам.

941 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз