Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Сәуір, 2021

Көксу ауданында блок бекет қойылды

Алматы облысының Көксу ауданына блок бекет қойылды. «2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша Алматы облысының Көксу ауданында сәуір айында коронавирус инфекциясының 128 жағдайы тіркелді (наурызда – 85). Көксу ауданы бойынша КВИ жағдайының өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,6%-дан (29.03-04.04) 2,2% - ға (04.04 -11.04) дейін ұлғайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 12 жағдайы тіркелді, өсім қарқыны 1,9% -ды құрады. Көксу ауданының короновирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның аудандық штабының шешімімен және Көксу ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №54 қаулысы негізінде ауылдық округтерге шығу/кіру жолында таңғы сағат 8-ден кешкі 20:00-ге дейін 9 блок бекет орнатылған», - делінген Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, блок бекеттердің жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды. Мұндай жұмыстар аудан аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таратпау мақсатында атқарылуда.


 

 

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз