Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Мамыр, 2021

Оқушылардың мектепке бірқатар заттарды алып келуіне тыйым салынады

Қазақстанда оқушылардың мектепке бірқатар затты алып келуіне тыйым енгізіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлім етті.

«Жылдың басында Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім беру ұйымдарына алып келуге тыйым салынатын заттар мен бұйымдардың тізілімін әзірледі. Тиісті бұйрық Әділет министрлігінің тіркеуінде жатыр. Ол осы айдың ішінде заңды күшіне енеді», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізіліміне қару-жарақ, пышақ, рогатка, кастеттер және соған ұқсас заттар кіреді.

«Сонымен қатар жарылғыш құрылғы имитаторын, аэрозольды бояуды, пиротехникалық заттарды және газ баллондарын алып келуге тыйым салынады», - деді Мұрат Баймұқашев.

 

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз