Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Қыркүйек, 2017

Өзбекстанның EXPO-дағы ұлттық күні атап өтілді

Жылдың 320 күні ыстық болып тұратын өзбек елі күн қуатын молынан тұтынады. Мұндағы бір жылғы күн энергиясының қоры 51 млн тонна мұнайға пара пар.

Бұл жөнінде бүгін ЕХРО қалашығындағы Өзбекстанның ұлттық күні барысында белгілі болды. Көрмеге келушілер көршілес елдің бай мәдениетімен танысып, баламалы энергияны игеруге қатысты жетістіктерін тамашалады. Әсіресе экологиялық таза транспорт жасауда өзбектер Орталық Азияда ешкімге дес бермей отыр. Мәселен, сутегімен жүретін көлік жасаған. Күннен қуат алатын спорттық темір тұлпарларды экспорттау жоспарда.  Сонымен қатар,   кішкентай электрокартингтер де бар. Осылайша өзбектер жанармайды 50 пайызға үнемдеп, ауаға бөлінетін улы қалдықтар көлемін 80 пайызға азайтпақ. Өзбекстан мамандары енді осы тәжірибені бізбен бөлісіп, баламалы қуат көзіне қатысты Қазақстан жетістіктерін де игергісі келеді.

Алимджон Туйчиев, Өзбекстанның Ғылым және технологиялар агенттігі бас директорының орынбасары:

  - Осындай ерекше көрме ұйымдастырған Қазақстан Үкіметіне Өзбекстан тарабынан алғысымды білдіремін. Біз тек жасыл технологиялар ғана емес, ғылым білім, ғарыш саласында серіктестік орнатып,бірлескен жобаларды қолға алдық. Қос тараптың әлеуеті зор және мүдделері ортақ. Сондықтан, жақын болашақта жарқын жемісін көрсеміз деген үміттемін.

Хабар 24

658 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз