Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Шілде, 2018

Finnair әуе компаниясы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арқылы әуе бағытын қайта жаңартады

Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» баспасөз қызметі хабарлайды. Ұшу бағыттары биылғы жылғы шілдеден қыркүйек айына дейін аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері ыңғайлы Airbus 319 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Ұшу уақыты төрт сағат.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы жазғы айларда Finnair әуе компаниясы үш мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетті.

Аталған бағытты қайта жаңарту қазақстандық жолаушыларға Санта Клаустың отанын көруге, әрі олардың жайлы әуе кемесімен Хельсинки –Вантаа әуежайы арқылы Еуропаның 70 тен аса және Азияның 19 қаласына саяхат жасауына мүмкіндік берсе, финляндиялық саяхатшылар еліміздің көрікті жерлерін аралайтын болады.

Finnair – Финляндиядағы ұлттық әуе тасымалдаушы, әрі елдегі ең ірі әуе компаниясы. Оның орналасқан жері Хельсинки-Вантаа әуежайы. Oneworld альянсының құрамында. Компанияның негізгі акционері Финляндия үкіметі.

813 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз