Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қазан, 2018

«Көңіл көктемі» көрмесі

Бүгін, яғни 25 қазан сағат 16:00-де талантты суретші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Алпысбай Қазығұловтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған «Көңіл көктемі» көрмесі салтанатты түрде ашылады.Бұл туралы РМҚК Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметі хабарлайды.

Автордың балалық шағынан қалыптасқан таным-түсінігі мен қоршаған орта туралы қиял көкжиегі суретшінің «Менің балалық шағымның ауылы», «Белдесу», «Керуен», «Ойын» сынды туындыларынан көрініс тапқан.

А. Қазығұловтың туындыларында берілген шынайы өмір көріністері жай ғана көшірме емес, ол шебердің қылқаламына ғана тән өзіндік жеңіл мәнермен берілген шығармалар болмақ. Автор туындыларынан оның көрген-білгенімен қатар, суретшінің жан тебіреністерін, көркем әлемін тамашалауға болады.

А. Қазығұлов туындыларының өзіне тән даралығы бар. Көп шығармалар арасынан оның еңбектерін оңай тануға болады. Ол суретшілік қырынан бөлек, көңіл-күйдің әсем көріністерін өзіндік шеберлікпен үйлестіреді. Сондықтан да болар, автор шығармаларының басым бөлігі қарабайыр тіршілік көріністеріне емес, тұңғиық ойдың көркем келбетіне арналған.

Көрмеге қылқалам шебері А. Қазығұловтың 100-ден астам көркем суреттері ұсынылып отыр.

Көрме 2018 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

1627 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз