Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қазан, 2018

Сеулде «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» халықаралық форумы өтеді

30 қазан мен 2 қараша аралығында Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Қазақстанның мәдениет және әдебиет халықаралық форумы өтеді.

Форумды ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп ұйымдастыруда.
Мәдениет саласындағы қазақстандық өкілдердің басқа елдердің әріптестерімен тығыз шығармашылық байланысын қалыптастыруға бағытталған шаралар аясында әдебиеттегі ең соңғы үрдістерді түсіну үшін жан-жақты жұмыс жүргізілмек.

Форум аясында «Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнері» атты фотокөрме, Қазақстан суретшілері мен дизайнерлер одағының мүшесі Наталья Лигайдың «Мөлдір түсті» суреттерінің көрмесі, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда.

1997 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз