Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қараша, 2018

Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде тағы екі көшені жарықтандыру жобасы іске асырылады

Көшені жарықтандыру желілерін салу ағымдағы жылы басталып, 2019 жылдың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев мәлімдеді.

Спикер өз баяндамасында 2017 жылдан бастап "Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысын салу және пайдалану" жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылатынын атап өтті.

- Жобаны «БатысТранзит» АҚ жүзеге асырады. Олардың қазірдің өзінде табысты серіктестікте тәжірибесі бар. Өткен жылы мекеме 19 көшеде жарық диодты шамдар орнатса, биылғы жылы тағы 20 көшеде жұмыс аяқтады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша екі қосымша жоба аясында қаланың 192 көшесін жарықтандыру жұмысы жоспарлануда. Сонымен қатар Атырау-Индер, Атырау-Доссор тас жолдары жарықтандырылады, - деп мәлімдеді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев.

1309 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз