Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2018

Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығының құрылғанына 7 жыл

«Қазақстан Республикасының 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 7 жыл толды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Бірыңғай байланыс орталығы 2011 жылы 29 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электрондық үкімет» call-орталығының негізінде құрылды.

7 жыл ішінде 22 млн. астам өтініш өңделген. Бұрын байланыс орталығына тек қоңырау шалуға ғана мүмкіндік болған болса, бүгінде 1414.kz сайты мен электрондық пошта арқылы сұрақ қоюға болады.

Сондай-ақ, азаматтардың ыңғайлығы үшін Кеңес-дауыстық көмекшісі енгізілді, ол адам тілін талдау және тану технологияларымен клиенттерге қызмет көрсету сапасының жаңа деңгейге көшуіне және операторлардың жүктемесін 20% дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде 1414 операторлары тәулік бойы 686 мемлекеттік көрсетілетін қызмет пен сервистер бойынша консультация береді. Салыстыру үшін, 2011 жылы мұндай қызметтер саны тек 30 болған.

Азаматтарды көбінесе паспорттар, жеке куәліктер және жүргізуші куәліктерін беру, мекенжай анықтамаларын алу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ бала туғанда және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау сұрақтары қызықтырады.

Бүгінгі күнде Бірыңғай байланыс орталығында 125 оператор жұмыс істейді, олар пайдаланушылар мен ел азаматтарының барлық қызықтырған сұрақтарына 24/7 режимінде жауап беруге дайын.

Күн сайын 1414 нөміріне 16-дан 18 мыңға дейін қоңырау келіп түседі, бір оператор күніне 200-ге дейін абонентке консультация береді. Ең жоғары кезеңдерде, мысалы, салық есептерін тапсыру кезеңінде қоңыраулар саны 25 мыңға жетеді.

Байланыс орталығы өзінің қызмет еткен жылдарында бірнеше рет өз саласындағы әртүрлі марапаттарға ұсынылды. Соңғы марапаттардың бірі, 2017 жылы Мәскеу қаласында қазылар алқасының жоғары бағасын алып, «Хрустальная гарнитура» халықаралық байқауында «Мемлекеттік органдар мен ТКШ секторында халыққа қызмет көрсету бойынша үздік орталық» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

     

1275 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз