Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Желтоқсан, 2018

Тимур Бекмамбетов «Асыл Бала» қорына тегін кино көру акциясы үшін алғыс айтты

Астанада балалар үйінің, сәбилер үйінің және «Асыл Бала» республикалық қауымдастығының қамқорлығындағы денсаулығы  ерекше және талантты балалар ата-аналарымен, тәрбиешілерімен бірге кинотеатрға барды.  800 адамға арналған билеттерді «Асыл Бала» қоғамдық қоры «Вместе теплее» акциясы аясында тегін қамтамасыз етті. Бұл бастама отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіруге бағытталған, - деп хабарлайды kazgazeta.kz"Асыл Бала" қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кинотеатрға келушілер алдын ала үш топқа бөлінді: кішкентай бүлдіршіндер қазақ тілінде "Disney" студиясының "Щелкунчик және төрт патшалық" мультфильмін, ал жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары танымал қазақстандық және ресейлік режиссер Тимур Бекмамбетовтың "Елки последние" кинокартинасын және белгілі режиссер Ақан Сатаевтың "Елбасы жолы. Астана" көркем фильмін тамашалады.

«Вместе теплее» акциясын «Асыл Бала» қоғамдық қорының өкілдері және танымал режиссер, продюсер және сценарист Тимур Бекмамбетов бәрлесіп ұйымдастырды.

«Жақында біз Тимур Бекмамбетовпен кездестік. Сонда "отбасымен бірге кинотеатрға бару" ұранымен "Вместе теплее" акциясын ұйымдастыруға қатысты идея туындады. Ата-аналар мен тәрбиешілер балалаырмен бірге терең мағыналы фильмдерді көріп, көргеннен кейін алған әсерлерімен бөлісуі өте маңызды. Балалар отбасылық құндылықтарды сіңіруі керек. Өкінішке орай, кинотеатрға баруға мүмкіндік бола бермейтін отбасылар да бар екенін түсіну керек. Біз әлеуметтік жағдайы төмен топтарды қамтуға тырыстық. Осындай акцияны ертең Алматы қаласында өткіземіз. Біздің идеяны басқа аймақтар да қолдайды деген үміттеміз», - деп атап өтті «Асыл Бала» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Гүлнар Шәкірова.

Кино басталмас бұрын, Тимур Бекмамбетов балалар мен ересектерге видеосәлемдеме жолдады. Танымал тұлға ұйымдастырылған шара үшін «Асыл Бала» қорына алғыс айтып, көрермендерге ізгі тілегін жеткізді.

«Құрметті достар, баршаларыңызбен жүздесіп отырғаныма өте ризамын және осы шараны ұйымдастырған «Асыл Бала» қорына үлкен алғысымды білдіремін. Біз бастаған «жақсылық бумеренгі» еліміздің әр өңірін шарлап, сол арқылы бізді мейірбан әрі бақытты ете түседі деп үміттенемін!», - деді Т.Бекмамбетов.

Шараға Назарбаева Д.Н., Әйтімова Б.С., Балиева З.Я., Карагусова Г.Д., Мұстафина С.С., ҚР Қоғамдық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы, Нұрлан Смағұлов, «MEGA Silk Way» СОО, «Chaplin» кинотеатры, «Меломан» дүкендер желісі, Raimbek Group холдингі, SADU мейрамханасы, «Лепим-варим» кафесі және L'Occitane бренді қолдау көрсетті.

1325 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз