Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қаңтар, 2019

Сенаторлар «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды іске асыру мәселелерін қарады

Сенатта «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өтті. Шараны Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким ашты, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтарда қабылданғанзаң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамы бойынша жәбірленушілерге бастапқы біржолғы өтемақы төлеу, Жәбірленушілерге өтемақы қорын құру арқылы өтемақы төлеудің құқықтық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілеу саласында туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған.

Құжат жәбірленушілердің құқықтарын қорғау тетігін қалыптастыру, оларға және олардың заңды өкілдеріне белгіленген материалдық көмек көрсету, сондай-ақ қаржыландыру және Өтемақы қорындағы қаржы ресурстарын шоғырландыру арқылы қаражаттарды төлеу тәртібін жүйелендіру үшін қолайлы құқықтық шарттарды қалыптастырады.

Барлық ережелер қолданысқа енгізілгеннен кейін заң жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге және соның нәтижесінде тұрғындардың қылмыстық тергеу және сот органдарына сенімінің артуына алып келеді.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева, Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин менБас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов сөз сөйледі.

Отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның, сондай-ақ ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берген Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким осы заң Елбасының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында қабылданғанын атап өтті. Бұл құжатты іске асыру барысында туындайтын мәселелерді сенаторлардың білуі маңыздыболып отыр және тиісті мемлекеттік органдар бұл мәселелердің шешімін табуы тиіс.

«Салалық комитет ретінде біздің комитетке Қордың жағдайықандай екенін анықтау өте маңызды. Біз бұдан былайғы зерделеу мен пысықтауды қажет ететін маңызды құқықтық ерекшеліктерді анықтадық. Заңды қабылдау кезінде әзірлеушілер алдында тұрған міндетті шешуі үшін Қорды қаржыландыру көздері туралы ең басты мәселе туындайды. Төлемдерге байланысты тетіктер туралы Қаржы министрлігіне, Қор операторына сұрақтар қойылды. Отырыста айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстарды комитет ұсыным ретінде әзірлеп, уақтылы пысықтау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтын болады», - деді Г.Ким.

1951 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз