Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Ақпан, 2019

Аяз күндері Астанадағы Beeline кеңсесінде ыстық шай ішіп жылынуға болады

Астанадағы Республика даңғылында орналасқан Beeline кеңсесінде ыстық шай ішіп, жылынуға болады. Ұялы байланыс операторы Ahmad Tea сауда белгісімен бірігіп, қақаған аязда астаналықтарға көмектесуді ұйғарды. Синоптиктердің болжамына бойынша, аяз шамамен бір апта тұрады, - деп хабарлайды Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі.

«Астанадағы Beeline кеңсесі ескі қаланың орталығында, автобус аялдамасының жанында орналасқан. Астана тұрғындары суыққа үйренген, дегенмен мұндай аяз күндерді бір біріне жәрдемдесу маңызды рөл атқарады. Beeline өз абоненттерін жақсы көреді, басқа ұялы байланыс операторының клиенттеріне де құшағымыз ашық. Бәріне ықыласпен шай береміз, ал бүлдіршіндер кеңсеміздегі балалар аймағында уақыт өткізе алады», - дейді Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь.

Beeline кеңсесінің мекенжайы: Астана, Республика даңғылы 16. Кірер есік «Иманов көшесі» аялдамасының артында. Жұмыс уақыты таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін.

Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, кеңсеге келген клиенттер мобильді теңгерімнен онлайн-төлеуге арналған MFS аймақты қолдана алады. BeeTV аймағы келген жандарды Beeline-ның үйдегі және интернет-телевизиясымен таныстырады. Арнайы стендтер оператордың қыржылық қызметтері мен тұрақты қызметтерге қатысты ұсыныстарын көрсетеді. Beeline клиенттердің компаниямен барлық қарым-қатынасы тек қана жағымды әсер қалдыруы үшін тырысады.

852 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз