Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Ақпан, 2019

Сенатта құдыққа түскен баланы құтқарып қалған оқушымен кездесу өтті

Сенат депутаттары құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарып қалған елордалық оқушы Нәдір Омарғазиевпен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сенатор Сәуле Айтпаева жас жеткіншекке Алғыс хат табыстап, кітап сыйлады.

Сенатор жас батырға Парламенттің жұмысы туралы айтып, өзінің әріптестері, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Кимді, депутаттар Нұрлан Бекназаров пен Владимир Волковты таныстырды. Олар да өз тарапынан Нәдірге алғыс білдіріп, оның болашағына қатысты сұрақтар қойды. С.Айтпаева Нәдірді «Балаға дос Азия» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

17 жасар Нәдір Омарғазиев көп балалы отбасынан шыққан. Ол 15 ақпан күні Астанада құдыққа абайсызда түсіп кеткен бес жасар баланың өмірін арашалап алды.

 

788 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз