Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Наурыз, 2019

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

Түркістан облысының экс-әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды. "Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол ҚР Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген Президенттің жарлығында. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келді, филология ғылымының кандидаты, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары - ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы - Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы", "Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы", "Қазақ тілі", "Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық", т.б. кітаптардың авторы. "Құрмет" орденімен, медальдармен марапатталған.

1095 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз