Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда «Композитор» фильмінің тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында алғашқы қазақ-қытай бірлесіп түсірген «Композитор» көркем фильмінің еліміздегі тұсаукесері өтті. Кинотуындының режиссерлері – Сәбит Құрманбеков (Қазақстан) және Шерзат Якуб (Қытай), - деп хабарлайды kazgazeta.kz  Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, ҚХР-дың еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қатысты.

Көркем лента қытайлық композитор Сянь Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды. Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және қытайлық «Shineworks Pictures» компаниясы түсірген.

«Композитор» фильмінің тұсаукесер рәсімінде картина авторлары және актерлерінің қызыл кілеммен жүріп өтуімен басталды. Фильм авторлары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов, Shinework Pictures компаниясының президенті (КХР) Джонатан Шень, режиссер Сәбит Құрманбеков, Сянь Синхайдың рөлін сомдаған қытай актері Ху Цзюнь, Бақытжан Байқадамовтың рөлін ойнаған актер Берік Айтжанов, сондай-ақ актрисалар – Аружан Жазылбекова мен Алтынай Нөгербек және фильмнің атқарушы продюсері Қуаныш Ахметов.

- Соңғы екі жыл ішінде іске асырып, бүгін сіздерге бірінші рет көрсетіп отырғанымызға өте қуаныштымыз, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тұсаукесер рәсімінде.

- Бүгін мен қатты толқып тұрмын. Баршаңызды алғашқы қазақ-қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмінің тұсаукесерімен құттықтаймын, - деді ҚХР-дың еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

- Бұл фильм сұрапыл соғыс жылдарындағы танымал қытайдың композиторы Сянь Синхайдың және қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды. Біздің де, фильмнің де басты мақсаты – ешкімге де беймәлім осы оқиғаны Қазақстан мен Қытайда кеңінен насихаттау, - деді Shinework Pictures команиясының президенті Джонатан Шень.

Естеріңізге сала кетейік, бірлесіп түсірген «Композитор» фильмінің өндірісі үкімет деңгейінде ұйымдастырылған болатын. 2015 жылы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған кезде уағдаластық етілген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріліп, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен қытайлық Shineworks Pictures компаниясы арасында аталған фильмді бірлесе өндіру, қаржыландыру, және пайдалану жөнінде келісімге отырған.

2017 жылы 8 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға жасаған сапары аясында қол қойылған бірлесіп киноөндірісті жүргізу туралы мемлекетаралық келісім негізінде аталған киножоба іске асқан болатын.

Картинаның түсірілімдері 2017 жылы өтіп, фильмнің біраз бөлігі Қазақстанда жүрген.

Айта кетсек, «Композитор» фильмі Қытайда 17 мамырдан бастап прокатқа шықты, ал Қазақстанда бұл фильм үстіміздегі жылдың маусым айында кинотеатрлардан көрсетілетін болады.

1067 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз