Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 31 Мамыр, 2019

ЖЕТІСАЙДА «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК – ЖОМАРТ ҚОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Жетісай ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Шараның ұйымдастырылуына аудандық «Нұғман» мешіті мұрындық болды. Акция барысында аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы 145 отбасыға 13500 теңгеге азық-түлік пен күнделікті тұрмыстық заттар себеті салтанатты түрде табыс етілді.

«Рамазан – қайырымдылық айы. Осы қасиетті айда мешіт ұжымы мен жергілікті жомарт жандар бірігіп, бүгінгі акцияны ұйымдастырып отырмыз. Жыл басынан бері біздің мешітте көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар және аз қамтамасыз етілген отбасылардың тізімі жасақталды. Нәтижесінде 500-ге жуық отбасыны тіркедік. Сөйтіп, осы отбасыларға жыл бойы қолдау, жәрдем беріп отыруды ұйғардық. Осы мақсатта бүгін 145 отбасыға бір айға жететін азық-түлік себетін тарту етіп отырмыз», – дейді «Нұғман» мешітінің бас имамы Бекзат Сыздық.

997 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Цифрлы сауаттылық - InternetCA-2019 форумының басты пікірталас векторы
Келесі мақала Атырауда татуласу және құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *