Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Шілде, 2019

Маңғыстауда «Адал ұлан» оқушылар слеті өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдің жастары арасында «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде «Адал ұлан» слеті ұйымдастырылды.

Слет мақсаты - «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында азаматтардың бойында адалдық қасиеттерді нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған «Маңғыстау – адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобаларының және «Адал ұрпақ» клубының аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Әділқазылар алқасының төрағасы, Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының орынбасары Қ.Байгебаев жастарды жан-жақты білімді болуға, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, өздерінің бойында адалдық, шыншылдық, парасаттылық сияқты қасиеттерді дамытуға шақырды. Аталған шара «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде өңірдің қала және ауданнан келген оқушылар арасында зияткерлік ойын форматында өткізілді.

Барлық топ мүшелері сайыс барысында белсенділік танытып, берілген сұрақтарға жауап берді.

Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімімен «Арыстан» тобы 1-ші орынды, «Қыран» тобы 2-ші орынды, «Барыс» тобы 3-ші орынды иеленсе, «Бірлік» тобы сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, лагерь басшылығына департамент атынан алғыс хат табыс етілді.

 Іс-шара жазғы лагерь оқушыларының  және тәрбиешілердің ұйымдастырған флешмобымен аяқталды.

1576 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз