Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қазан, 2019

«Нұр Отан» партиясы фракциясы жанынан құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті

Мәжілісте Қаржы және Бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың төрағалығымен нақты нәтижеге қол жеткізе отырып, бюджет қаржыларының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанынан құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиынға қатысушылар Комиссия туралы Ереже жобасын, басқа да бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Отырыста айтылғандай, Комиссия фракция мүшелерімен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, партияның Орталық аппаратымен, сондай-ақ, басқа да ұйымдармен өзара ықпалдастықта қызмет атқаратын болады.

Комиссия Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген бюджет қаржыларының жұмсалуына бақылауды күшейту туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында құрылған.

847 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз