Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қазан, 2019

2ГИС қосымшасында Нұр-Сұлтанның көрікті жерлері бойынша жаяу жүргіншілерге арналған бағдар пайда болды

«Астана Конвеншн бюро» 2ГИС қосымшасымен бірлесіп жаяу жүргіншілерге арнап Нұр-Сұлтан қаласының  туристік маршрутын құрастырды, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаяу туризмді ары қарай танымалдылығын арттыру мақсатында 2ГИС картада көк түспен белгілеу арқылы қаланың басты көрікті орындары бойынша жаяу бағдар құрастырылды. «Туристік бағдардың» әрбір нүктесін басып қарауға болады.

Сондай-ақ нысанды басу арқылы қысқаша тарихи сипаттамамен және фотосуреттермен танысуға болады. Бұл туристерге Қазақстан астанасы бойынша жаяу серуенді өз бетінше құрастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін іздеу жолына «Туристік маршрут» деп жазса жеткілікті, бағдар бірден іске қосылып, экраныңызда көк түсті сызық пайда болады.

Айта кетейік, 2GIS - бұл үш нұсқада жұмыс істейтін (компьютер, онлайн және мобильді қосымша) 1,3 миллионнан астам пайдаланушысы бар қалалық ақпараттық анықтама. 2019 жылы 2GIS Forbes Kazakhstan мәліметтері бойынша мобильді қосымшалардың ішінде 2 орын алды.

791 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз