Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қараша, 2019

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Astana Club отырысы өтуде

Елордада «Назарбаев Орталығында» әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын қосатын Astana Club бесінші отырысы «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында» деген тақырыппен өтеді.  

Елбасы Astana Club отырысында сөйлеген сөзінде: «Мен де Еуразиядағы геосаяси жағдайға жағымсыз әсерін тигізетін қауіптер жайлы көзқарасымды білдірсем деп едім. Біріншіден, бізді келе жатқан дағдарыстан хабар беретін әлемдік экономикадағы ахуал алаңдатады. Сауда текетірестері өсіп келе жатқандықтан, геосаяси тұрақсыздық ахуалына әлемдік институттар теріс бағасын беріп жатыр. Жаһандық өсімнің бәсеңдеуі әлемдік саудаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыс алдындағы қарыз деңгейінен екі есе артып, әлемдік ЖІӨ-нің 80 пайызына жетті. Бұл факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылықты теңселтіп, Еуразия елдеріне қатты ықпал етіп отыр», - деді.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент әлемдегі жетекші державалар арасында бүгінгі қалыптасқан жағдайға да ерекше назар аударды:«Екіншіден, әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шықты. Өзара санкциялар, сауда соғыстары – АҚШ пен ҚХР-дың қазіргі қарым-қатынасының қалыпты жағдайына айналып кеткен. Агрессивті риторика, экономикалық санкция – Батыс пен Ресей арасындағы негізгі қатынас тілі болып тұр. Тұрақты коммуникация арналарының болмауы ахуалды одан сайын қиындатып отыр. Жетекші державалардың арасындағы текетірес автоматты түрде Еуразияның ыстық нүктелеріне ауысып отырады" - деп қалыптасқан жағдай Украина, Сирия мәселелерін шешу жолдарын қиындататынын айтып өтті.

Astana Club бесінші отырысы 11-12 қараша күндері  елордада өтеді.

1266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз