Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Сәуір, 2020

Қытайдан құны 100 миллион теңгенің қорғаныш құралдары келді

Алматы облысына арнайы рейспен жеткізілген заттардың ішінде көп рет пайдаланатын Dupont костюмдері, инфрақызыл термометрлер, маскалар, респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері бар. Бұл қорғаныс құралдары індетпен күресіп жатқан медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдарға тегін таратылады.

Облыс әкімдігі барлық медициналық бұйымдар мен амуниция қытайлық және еуропалық кәсіпорындарда өндірілгенін, еуропалық сапа сертификатына ие екенін мәлімдеді.

«Бүгін «Universal Energy (Qazaqstan)» компаниясы мен қазақстандық кәсіпкерлер Асқар Алшынбаев, Евгений Фельд, Нұржан Бекшенов, Есенғали Бәйменов және Райымбек Баталов Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген Алматы облысының медициналық және басқа да ұйымдарына гуманитарлық көмек жүктерін жеткізіп берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қайырымдылық акциясын ұйымдастырғандар заманауи жеке қорғану құралдарын облыс әкімдігіне өткізді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің сөзінше, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсініп, кәсіпкерлердің көмек беруі – қиын кезеңнен өтуге жәрдем болады.

Әмірболат Құсайынұлы

1318 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз