Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 09 Қазан, 2021

АҚШ делегациясы «Талибан» өкілдерімен кездеседі

АҚШ делегациясы 9-10 қазанда Дохада «Талибан» радикалды қозғалысының (Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тыйым салынған) жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Reuters жұма күні ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, бұл АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан бері тараптар арасындағы бірінші кездесу болады. АҚШ өкілдері, Reuters агенттігінің дерегінше, АҚШ пен Ауғанстанда қалған басқа елдердің азаматтарын эвакуациялауда кауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ американдықтарды босату үшін тәліптерге қысым жасауға тырысады.

 

533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз