- Таным
- 09 Ақпан, 2024
Мұқағали Мақатевтың бейнесі таспаланған жалғыз бейнежазба
Сырлы сезімге толы жырларымен оқырманның жүрегін жаулаған Мұқағали Мақатаевтың есімін білмейтін қазақ жоқ. Өз дәуірінің шындығын шығармаларына арқау еткен ақынның артына қалдырған мол әдеби мұрасы мен фотосуреттері бүгінгі күнге дейін жеткенімен, мұзбалақ ақынның тау тұлғасы, асыл бейнесі жазылған бейнематериалдар жоқтың қасы. Тек қайталанбас бейнесі таспаланған жалғыз ғана бейнематериал бар. Ол «Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қорында» сақталған «Мұқағали Мақатаев – «Мавр» поэмасынан үзінді» атты 1 минут 33 секундық бейнематериал. Бұл тарихи видео жайлы толығырақ «Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қор» телерадиоқоры департаментінің директоры Разия Ыдырысбаевадан сұрап білген едік.
- Рәзия ханым, ақынның бейнесі таспаланған бұл бейнематериал қашан және қайда түсірілген?
- Кезінде «Қазақтелефильм» біраз тұлғалар туралы деректі фильмдер топтамасын жасады. Соның бірі – Исраил Сапарбаев редактор болып, Ақжан Машанов сценариін жазып, Серік Жармұхамедов аға режиссері болып, Нарынқол ауданына барып, ақынның туған жеріндегі тойды түсірген. Кейін сол материалдар негізінде деректі фильмді жасаған. Фильмнің басы тау қыраны бүркіттен басталып, қарлы Хантәңірінің әсем көрінісін тікұшақпен түсіріп, Мұқағалидың өлеңдерімен, күнделігіндегі жазбаларымен көмкерген. Ақынның күнделігін Ғазиза Әбдінәбиева, Мейіргүл Жармұхамедовалар оқып, музыкасын Секен Тұрысбеков жазған. Фильмде Тұманбай Молдағалиевтің айтуынша, Мұқағалидың алғашқы өлеңін 1960 жылы Әбділда Тәжібаев оқып, Жазушылар Одағының пленумында сөз сөйлегенде, жаңадан келген жастар арасындағы Мұқағали Мақатаевты ерекеше атап өткен.
1960 жылдың жазында жазушылар Одағы мен Орталық комсомол комитетінің ұсынысымен Жүсіпбек Елебеков бастаған өнер қайраткерлері, Қасым Қайсенов бастаған ақын-жазушылар Талдықорған облысына Нұрмолда Алдабергеновтің ауылына сапарға шығады. Сол жерде кинопленкаға алғаш және соңғы рет Мұқағали бейнесі таспаланған. Ол туралы ақын Сағи Жиенбаев осы фильмде айтады және осы «Қыранның қанатынан қуат алған» деректі фильмінде бұл құнды тарихи материал қолданылған. Бұл фильмде ақынның анасы да бейнеленген. Бейнежазбаның 00:06:45 минутында: «Құрметті көрермен, біздермен бірге Мұқағали Мақатаевтың дауысын естіп, «Мавр» поэмасынан үзінді тыңдаңыздар және ақынның көзінің тірісінде ең алғаш рет және ең соңғы рет түскен киносюжетті бізбен бірге көріңіздер», - деп алыстан түсірген бейнежазбасын көрсетеді. Кадр сыртынан 2 минуттай ақынның «Мавр» поэмасын оқыған өз дауысын береді.
Разия Ыдырысбаева, Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қор» телерадиоқоры департаментінің директоры
- Бұл бейнежазба қашан цифрлық форматқа көшірілді?
- 1967 жылы «Қазақтелефильм» экрандық-шығармашылық ұжымының ҚР телевизия және радиохабар жөніндегі комитеті жүйесіндегі телевизиялық киностудия бөлімі болып ашылып, 1969 жылы жеке бөлініп шығады. Бұған дейін «Қыранның қанатынан қуат алған» атты М.Мақатаев туралы бейнежазбаны «Қазақтелефильм» 1992 жылы 35 мм кинопленкаға жазған екен. Аталған кинопленка Алматы қаласындағы «Алтын қор» бөлімінде сақталған. Кейін синеджиге 2 форматтан көшіріп, сандық жүйеге түскен бейнежазбасы бар: біріншісі, Кадр 3 ПМ рулонынан көшірілген, 2011-жылы Betacam таспасынан сандық жүйеге түскен. Сапасы нашарлау, астынан қара сызық пайда болып, үстіне шығып кетеді. Бірақ дыбысы таза. Екіншісі, 2016 жылы SVHS таспасынан сандастырылған. Бұрынғы (сары түсті жарты күн, астында «Қазақстан» деген жазуы бар) логотиппен жазылған. Дауысы жәй шығады.
Әзірлеген Гауһар Түстікбаева,
«Қазақ газеттері»
Ақпарат ағыны
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
- Кеше
- 86
Қатарда елдің бай мұрасы мен ұлттық құндылықтар таныстырылуда
- Кеше
- 85
Жеке кәсіпкердің табысы болмаса МӘМС жарнасын төлейді ме?
- Кеше
- 82
Жаңа Конституция жобасындағы отбасының рөлі тақырыбында жиын өтті
- Кеше
- 89
Мәжіліс газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтынуға қатысты заң жобасын қарайды
- Кеше
- 93
Конституция жеке деректерді, банктік құпияны және зияткерлік меншікті қорғауға кепілдік береді
- Кеше
- 91
Екібастұзда полицейлер алаяқтардың әрекетін жедел түрде тоқтатты
- Кеше
- 102
Алматы облысы АӨК-ке инвестиция көлемі бойынша көшбасшылар қатарында
- Кеше
- 87
«Ерлік сабағының» берері мол
- 21 Қараша, 2025
- 5759
“Қазақ газеттері” өкілдері Ә.Молдабеков атындағы №6 мектеп оқушыларымен кездесті
- 13 Қараша, 2025
- 5627
ЖИ және цифрлы сауаттылыққа бағытталған семинар өтті
- 10 Желтоқсан, 2025
- 5606
Алматыда жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды
- 18 Желтоқсан, 2025
- 5236
Таулар — менің таусылмайтын бақытым!
- 11 Желтоқсан, 2025
- 4465
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
- 10 Қараша, 2025
- 4314
Қарашада қатқан көрініс
- 16 Қараша, 2025
- 3815
Алматы қаласы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мерекелік кейіпке енді
- 28 Желтоқсан, 2025
- 3571
Биыл қаңтар-ақпан айларында еліміздегі өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,9% құрады
- 18 Наурыз, 2025
- 9513
Қазақстан колледждерінде қанша студент оқиды?
- 30 Желтоқсан, 2024
- 10648
Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлаудың сұранысқа ие бағыттары
- 25 Сәуір, 2024
- 37813
«7-20-25» бағдарламасы аясында 71 952 қарыз берілді - ҰБ
- 06 Ақпан, 2024
- 45376
Бір жылда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 3,2% өсті
- 11 Желтоқсан, 2023
- 15491
Қыркүйек айында 169,4 мың бірлік автокөлік есепке қойылды
- 15 Қараша, 2023
- 13553
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1,2% көбейді
- 13 Қазан, 2023
- 15671
60 және одан жоғары жастағылар елдің жалпы санының 13,2% құрады
- 30 Қыркүйек, 2023
- 13831
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
- Кеше
- 78
СҚО спортшылары ХІV қысқы Паралимпиада ойындарына 7 лицензия жеңіп алды
- 05 Ақпан, 2026
- 109
Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 1667 теңгені құрады
- 05 Ақпан, 2026
- 94
Ақтау қаласы әкімдігінің 2025 жылы атқарған жұмыстары талқыланды
- 04 Ақпан, 2026
- 119
Соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 1,5 есе өсті
- 04 Ақпан, 2026
- 96
Жетісу облысында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр
- 04 Ақпан, 2026
- 96
ШҚО әкімі: Әділетті, қауіпсіз әрі таза Қазақстанды құру - баршамызға ортақ міндет
- 02 Ақпан, 2026
- 150
Қызылорда облысында құны 51 млрд теңге болатын жүгері мен сояны қайта өңдеу жобасы іске асырылуда
- 02 Ақпан, 2026
- 132







