Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ

Біз туралы

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының заңды мұрагері. Алғаш рет акционерлік қоғам 1999 жылғы 12 шілдеде тіркеуден өткен (Заңды тұлғаның 1999 жылғы 12 шілдеде берілген мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі 27390-1910-АҚ). Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 538 кос өкімі бойынша «Қазақ әдебиеті», «Ұйғур авази», «Ана тілі», «Қазақ елі» газеттері және «Жұлдыз», «Жалын», «Простор», «Ақиқат», «Мысль» журналдары меншігі негізінде құрылған.

Кәсіпорын мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған.

Сол кезеңде кәсіпорынның бірден бір құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті болды. Қоғамның хабарландырылған жарғылық капиталының көлемі 4 227160 теңгені құрады. Ол әрқайсысының номиналдық құны мың теңге болатын қарапайым атаулы 4227 данаға бөлінді. Оған берілген ұлттық дербес нөмір KZ 1С 45530003. Жарғылық капитал «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Ұйғур авази» республикалық газеттері мен «Жұлдыз», «Жалын», «Простор», «Ақиқат», «Мысль» журналдарының балансына жататын негізгі қаржылардың мүліктік салымы арқылы жасақталды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Қазақ газеттері жабық акционерлік қоғамы жөніндегі» Заңына сәйкес «Қазақ газеттері» мемлекеттік жарғылық капиталының жүз пайыздық үлесімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік меншік және жекешелендіру мемлекеттік комитетінің 2006 жылғы 18 мамырдағы бұйрығына сәйкес «Қазақ газеттері» ЖШС-ы «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының күллі құқығы мен міндеттерінің заңды мұрагері болды. «Қазақ газеттері» ЖШС-ның сол тұстағы жарғылық капиталы 4 227000 (төрт миллион екі жүз жиырма жеті мың) теңге.

Қоғамның 4227 дана қарапайым акциялары жойылды.

Сөйтіп, «Қазақ газеттері» ЖШС-ы екінші рет 2006 жылғы 1 маусымда заңды тұлға ретінде тіркеліп, № 78183 – 1910  -

ЖШС куәлігіне ие болды. Жарғыға сәйкес серіктестік қызметінің негізгі түрлері баспагерлік, редакциялық қызмет, полиграфиялық өнімдерді жеткізіп, өндіру, тарату, ынталы ұйымдар мен тұлғалардың бәріне ақпараттық және жарнамалық қызмет көрсету болды.

2008 жылғы 1 ақпанда Ақпарат және мұрағат комитетінің бұйрығымен серіктестік құрамынан Қазақстан Жазушылар одағына «Простор» журналы, «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциялары берілді.

2009 жылы 28 қаңтарда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті серіктестікке қатысудың жарғылық капиталдың төленген жүз пайыздық мемлекеттік үлесін «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингіне» аударды («Қазақ газеттері» ЖШС-ның «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингіне 2009 жылғы 28 қаңтарда аударған мемлекеттік үлесін қабылдау актісінің № 3).

Серіктестік құрылтайшысының ауысуы нәтижесінде заңды тұлға тіркеуден қайтадан өтіп, мемлекеттік қайта тіркеу жөнінде 78183 – 1910 – ЖШС куәлігін 2009 жылғы 20 маусымда алды. Сондай-ақ Серіктестіктің жарғысына өзгерістер енгізілді.

Үкімет шешімімен «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингінің таратылуына байланысты «Қазақ газеттері» ЖШС жарғылық капиталының 100 % мемлекеттік үлесі қайтадан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті иеленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 07 қарашадағы №743 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) негізінде және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2021 жылдың 19 наурыздағы №192 бұйрығымен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы оған «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Бұдан соң Үкімет қаулысының негізінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2022 жылдың 12 сәуірдегі №170 бұйрығымен  «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы қайта құру жолымен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылды.

Республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің басын қосқан «Егемен Қазақстан» ЖШС 2023 жылы «Қазақ газеттері» ЖШС-мен біріктірілді. Атап айтқанда, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2023 жылдың 6 қаңтарындағы №8 бұйрығымен  «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

«Қазақ газеттері» ЖШС құрамында бүгінде «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Уйғур авази», «Ұлан»,«Дружные ребята» газеттері мен «Ақиқат», «Үркер», «Ақ желкен», «Балдырған» және «Мысль» журналдары бар.

Серіктестікті әр жылдары белгілі қаламгерлер Жұмабек Кенжалин (1999-2006 және 2009-2017 жылдары), Мереке Құлкенов (2006-2008 жылдары), Бауыржан Омаров (2008-2009 жылдары),  Шәмшидин Паттеев (2017-2023 жылдары) басқарды.

«Қазақ газеттері» Серіктестігінің бас директоры (2023 жылдан бері) – белгілі ғалым, қаламгер, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы.