Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің негізгі міндеті «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуді қамтамасыз ететін Серіктестіктің ішкі құжаттарымен регламенттелген ережелерін мен рәсімдерді сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Комплаенс-қызмет өз өкілеттігін Серіктестіктің атқарушы органы мен лауазымды адамдарына қарамастан жүзеге асырады, Байқаушы кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

Серіктестіктің Байқаушы кеңесінің 2025 жылғы 25 шілдедегі шешімімен Комплаенс-офицері болып Бейсембаева Алмагүл Ағыбайқызы тағайындалды. 

 

Серіктестікте сыбайлас жемқорлық фактілері немесе ықтимал құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ этиканы бұзу мәселелері бойынша Сіз «Жедел желі» +7(7172) 37-67-31 телефоны немесе e-mail: a.beysembaeva@kazgazeta.kz арқылы хабарлай аласыз.

 

Барлық хабарламалар, соның ішінде анонимді хабарламалар өтініш берушінің құпиялылығын сақтай отырып, объективті түрде қаралатын болады.

Серіктестікті ақпараттандыру арналары арқылы хабарласа отырып, Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді комплаенс-офицердің өңдеуіне келісесіз.

*** 

ІШКІ ҚҰЖАТТАР

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА 

***

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРА

ОҚЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ